Қызылордада халықтық спорт ойындары мәреге жетті

Отбасылық жарыста Жалағаш ауданынан келген Алмағанбетовтер жеңімпаз болды. Осы ауданнан келген команда әйелдер арасындағы волейбол мен қол күресте бірінші орынға шықты. Гір тасын көтеруде сырдариялықтардан озған ешкім болған жоқ. Үстел теннисі, шахмат, әйелдер арасындағы стритбол, тоғызқұмалақ, дойбы, шағын футбол, бильярдтан Қызылорда қаласының командасы жеңімпаз тұғырынан көрінді. Стритбол мен волейболдан ерлер арасында ғарышты қаланың өкілдері алдыңғы орынға шықты. Қазақ күресінен қармақшылық балуандардың десі басым болды.

Жалпы, командалық есепте Қызылорда қаласының спортшылары көш бастады. Одан кейінгі орындарды Жалағаш және Шиелі ауданының командалары өзара бөлісті.