Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан Кубогы үшін жарыс болып өтті


Жарыс 24 салмақ дәрежесі бойынша өтті. Соның ішінде ол «Фул-контакт» және «Лоу-кик» жүйелеріне тең бөлініп, 12 салмақ бойынша жүлдегерлерді анықтады. Сайыс қорытындысында жалпыкомандалық есепте Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы - бірінші, Атырау облысы - екінші, Қарағанды облысы үшінші орындарды жеңіп алды. Ал қызылордалықтар 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медальға ие болды.