Қызылордада кісі өлтіруші тиісті жазасын алды

Оқиға Сырдария ауданы Шаған ауылында орын алған. Іс құжаттарына қарағанда, сотталушы Т.Әбішев биылғы 16 ақпан күні ауылдасы М.Әбілақовтың үйіне барып, үй иесі екеуі арақ ішеді. Соңынан мастықтың салдарынан араларында ерегіс туындайды. Сол кезде Т.Әбішев дастархан үстінде жатқан пышақпен үй иесінің жүрегіне екі мәрте ұрады. Сол ауыр дене жарақатынан М.Әбілақов оқиға болған жерде қайтыс болған. Осыдан кейін қылмыскер қылмысының ізін жасыру мақсатында өлі денеге от қойып, қашып кетеді.

Сот осы қылмысы үшін Т.Әбішевті 13 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының ерекше режимінде өтеуге үкім шығарды.