Қызылордада көгалдағы хоккейден спартакиада аясындағы жарыс мәреге жетті

Жазғы хоккей шеберлерінің бұл додасы тамыздың 7-сінде басталған еді. Оған Алматы қаласынан, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 5 команда қатысты.

Тоғыз күнге созылған жарыс қорытындысында ерлер арасында Қызылорда облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға Алматы облысының командасы орналасты. Ал жүлделі үшінші орын Жамбыл облысының құрамасына бұйырды. Әйелдер арасындағы жарыста жеңіс тұғырындағылар орын алмасты. Атап айтқанда, мұнда Алматы облысының хоккейші бойжеткендері топ жарса, екінші орынға Қызылорда облысының жасағы ие болды. Үшінші орынға тағы да Жамбыл облысының командасы ие болды.