Мекеме ақпаратына сәйкес, оңтүстік батыстан секундына 19 метрге дейін жететін күшті жел 16 сағат шамасында Қызылорда облысын аралап өтті.
Соның салдарынан Қызылорда аумағында екі көп қабатты тұрғын үйдің, "Темірбанк" пен №3 мектеп-гимназия ғимаратының шатырлары бүлініп, екі телефон бағаны құлады. Сонымен бірге, мекеме ақпаратына сәйкес, "көшедегі жарнама тақтайшасының құлауы салдарынан 37 жастағы жігіт жарақаттанып, ауруханаға түсті".
Желдің зардаптарын жоюға төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің 30 адамы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті