Қызылордада мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында жиын өтті


Жиынның басты мақсаты отаншылдыққа тәрбиелеу және мемлекетіміздегі жігерлі жауынгерлердің мемлекеттік рәмізге деген құрметін арттыру бағытында болды. Аталмыш жиын барысын департамент бастығы полковник Е.Төлеужанов ашты. Одан кейін сөз кезегі кадр жұмысы бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты А.Сермағамбетоваға берілді. Іс-шара барысында құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы өртке қарсы қызмет аға лейтенанты Г.Мизанбаева «Мемлекеттік рәміздердің тарихы» жөнінде баяндама жасады.