Қызылордада мұнай өңдейтін жасырын цех табылды

Оның айтуынша, жасырын цехты тәртіп сақшылары Құмкөл-Қызылорда тас жолының 57-ші шақырымында шұғыл іздестіру шараларының барысында анықтады. Шағын цехтан 12 тонна дизельдік отын мен 7 тонна мазуты бар ыдыстар табылған.

Тексеру барысында белгілі болғанындай, облыс орталығының үш тұрғыны цех қожайындары болып шықты. "Олар пайда табуды көздеп мұнай таситын көліктің жүргізушісінен 20 тонна шикі мұнайды 100 мың теңгеге сатып алған", дейді қаржы полицейі.

Қызылорда қалалық соты ұсталғандарға ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі" 190-шы бабы бойынша екі жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Мазут пен дизельдік отын мемлекеттік кіріске тәркіленді.

"Былтыр біз өңірдегі кеніштерден шикі мұнай ұрлау деректері бойынша 30 қылмыстық іс қозғадық",- деді Б.Ниязов. "Қаржы полицейлері халық арасында "самауыр" деген атауға ие болған төрт шағын жасырын цехтың жұмысын тоқтатты", деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті