Қызылордада оралмандардың үкіметтік емес ұйымы құрылды

Облыстық көші-қон және демография басқармасының төрайымы Бибіжан Жәукебаеваның мәліметіне жүгінсек, 1998-жылдан бері Арал өңіріне Иран, Ауғанстан, Түркия, Монғолия, Ресей, Украина, Беларусь, Латвия, Тәжікстан және Түрікменстаннан 5 мыңдай қазақ көшіп келген.

Соңғы 5 жылда республикалық бюджет қаржысы есебінен 246 оралман отбасына баспана сатып алынды. Сондай-ақ, тарихи отанға оралушыларға жәрдемдесу жөніндегі облыстық бағдарлама жұмыс істеуде.
Б.Жәукебаеваның айтуынша, қоныс аударушыларды жұмыспен қамтамасыз етуге баса назар аударылуда. Соның нәтижесінде 1300-дей адам өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасса, 275 адам кәсіпкерлікпен немесе қолөнершілікпен шұғылдануда. 140-тай адам жеке кәсіппен айналысу үшін шағын несие алды.
Жаңадан құрылған қоғамдық бірлестік көшеп келушілерге өз мүмкіндіктерін мейлінше толыққанды жүзеге асыруға қол ұшын береді деп күтілуде.