Бұл туралы Caravan.kz меди порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлады.
Қызылорда қаласы маңындағы Қызылжарма кентінде көпбалалы отбасы тұрып жатқан үйден өрт шығып, бір бала көз жұмды. Төрт бала анасымен бірге ауруханаға жеткізілді.
Өрт бейсенбіге қараған түні шыққан, ол уақытта балалар ұйықтап жатқан. Жеңіл материалдардан салынған уақытша тұруға арналған үй бірден жанып кетті.
Өрт сөндірушілер қоңырау түскеннен кейін оқиға орнына бірнеше минут ішінде жетіп, жарты сағат ішінде өртті сөндірді. Алайда ол уақытта 2020 жылы туған бала тұншығып қалған. 28 жастағы әйел мен төрт бала аман қалды. Әйелдің қолы қатты күйіп қалған, 8, 7, 5 және 2 жастағы төрт балаға екінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
"Астана" телеранасының
хабарлауынша, балалардың әкесі іссапарда болған. Отбасының көршілері өртті байқаған кезде анасы балаларын терезе арқылы шығарып жатқан. Алайда бесінші баласына көмектесе алмаған. Себебі алты айлық сәби бесікте жатқан.
Отбасы уақытша тұруға арналған үйді жалдап жүрген. Таныстарының айтуынша, бар тапқан-таянғанын пәтерақысына береді.
"Заң бойынша біз оларға 6 айға дейін үй жалдап беруге дайынбыз. Сонымен қатар үйді қалпына келтіру мақсатында қала меценаттарымен келіссөздер жүргіздік. Олар да көмектесуге дайын. Сондай-ақ қаржылық, азық-түлік секілді шараларды қарастырамыз", - деді Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Ермұрат Рахматуллаев.
Қазақстандықтар бұл жағдайға бей-жай қарамай, өрт кесірінен үй-жай, мүлкінен айырылған отбасыға көмек ретінде қаржы жинап жатыр.