Алаң иелері тарапынан жауапсыз екі допты команданың легионерлері - Перич пен Эдейпо салды. Аса тартысты өтіп, үлкен күшпен келген осы жеңістен кейін Сыр бойының футболшылар ұжымы турнир кестесіндегі жағдайын едәуір түзеп алды. Қазір біріншіліктің екінші кезеңінде 7-12 орындар үшін шайқасып жатқан қайсарлықтар 11 орыннан 9 орынға көтерілді.