Облыстың төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мархабат Жайымбетов жаттығу барысын түсіндіре келе, "Қыс-2007" республикалық командалық-штабтық жаттығудың мақсаты - қыс маусымындағы төтенше жағдайлардың салдарын жою барысындағы құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге дайындық болып табылатындығын атап өтті. Жаттығу кезінде апаттық-құтқару қызметінің дайындығы, сондай-ақ материалдық-техникалық қор мен резервтердің болуы және олардың жағдайы пысықталады, деп жоспарлануда.
Жаттығуға Арал өңіріндегі әкімшіліктердің төтенше жағдайлар жөніндегі барлық комиссиясы, мың жарым адам және 358 бірлік техника жұмылдырылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті