ТЖМ мәліметінше, бүгінгі сағат 4-те жылыту жүйесінде газ шығу салдарынан жеке ғимараттағы қазандықта жарылыс шықты. Жарылыстан қазандықтың жұмысшысы зардап шегіп, ауруханаға жатқызылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "қазандық №43 орта мектеп пен екі тұрғын үйді жылумен қамтамасыз еткен". Сөйтіп, 74 пәтердің тұрғындары жылусыз қалды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы, мен 10 адамы; Қызылорда қалалық "ОСО" МБ-ның 1 арнаулы техникасы мен 3 адамы; ҚР ТЖМ "ЮРАОСО" МБ-ның 1 арнаулы техникасы мен 4 адамы жұмылдырылды.