Қызылордада «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-конкурсы өтіп жатыр

Көрме-конкурс «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар» және «Үздік азық-түлік тауарлары» атты үш аталым бойынша ұйымдастырылды. Оның қорытындысы бойынша 9 жүлдегерге диплом мен сыйлық тапсырылады деп жоспарлануда.

Жалпы, көрме-конкурстың негізгі мақсаты жеке және заңды тұлғалардың отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен толықтыру болып табылады.