Қызылордада қоғамдық көліктермен қатынау жолақысы 1,5 есе арзандады

Ал қазір облыс орталығының тұрғындары бағытты таксилерде 30, қалалық автобустарда 20 теңге төлейді.

Қоғамдық көлікпен қатынау жолақысын арзандату туралы шешімді қала әкімі Мұрат Үдербаев тасымалдаушылармен келісім негізінде қабылдаған.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қызылорда қаласында тұратын Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері 1-шілдеден бастап қаладағы қоғамдық көліктерде тегін қатынау құқығына ие болған.
Сондай-ақ, аймақта жолаушы тасымалдаушы көлектер санын арттыру мәселесі қаралып жатыр.
Таяу уақыттарда қосымша 55 жаңа автобус қала көшелеріне шығады.