Қызылордада қолданбалы өрт спортынан турнир өтеді

Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің Қызылорда облыстық басқармасы төрағасының орынбасары Марат Бермағамбетовтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, турнирге Қытай, Ресей, Өзбекстан, Монғолия және Республиканың 14 облысы мен Алматы және Астана құрамалары қатысады.

Турнирдің бір ерекшелігі сол, оның жеңімпаздары 27-маусымда Санкт-Петербургте өтетін бүкілхалықтық турнирге қатысушы републикалық құрамаға қамтылмақ.
Қызылорда облысының өртпен күрес қызметінде 2002-жылы 527 адам , ал 2003-жылы 590 адам еңбек етті. 2002-жылы облыста 52 өрт оқиғасы, ал 2003-жылы барлығы 65 өрт оқиғасы тіркелді.
Марат Бермағамбетовтың айтуынша, Қызылорда облысында 2003-жылы өртке қарсы күрес қызметін пейджерлік байланыспен қамтамасыз ету көзделіп отыр.