Қызылордада құтқарушылар жас суретшілер конкурсын өткізді



Төтенше жағдайлар департаменті мен «Жас ұрпақ» қоғамдық ұйымы бірлесіп ұйымдастырған бұл байқау «Мен өмірді қорғаймын» деген ұранмен өтті. Байқауға қала мектептерінің сурет салуға бейімділіктері бар 7 сынып оқушылары қатысты. Қорытындыда қаладағы №112 мектептен Ербол Баярыстанов - бірінші, №198 мектептен Дима Тен - екінші және №15 гимназиядан Ақмаржан Аманбек үшінші орынды жеңіп алды. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.