Қызылордада С.Есқараевты еске алуға арналған турнир өтіп жатыр

Қаладағы «Еуразия» мәдени-спорт кешенінде бүгін таңертең 9-да басталған жарысқа облыс құқық қорғау органдарынан құралған командалар қатысуда. Жарыс Қазақстанның тұңғыш прокуроры С. Есқараевтың 115 жылдығын атап өтуге арналды. Ол сонымен бірге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды, салауатты өмір салтын насихаттауды, қызметкерлерді дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тартуды және бұқаралық спортты одан әрі дамытуды көздейді.

Жарыстың жеңімпаз және жүлдегер командалары облыстық дене шынықтыру және спорт басқарамасының сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталады.