Турнирге облыстық қорғаныс істері департаментінің, ішкі істер департаментінің, Ішкі істер министрлігі қылмысты-атқару жүйесі департаментінің, қалалық ішкі істер басқармасының, көші-қон полициясының, сондай-ақ өауіпсіздік комитеті шекара бөлімі мен ішкі істер әскерлерінің Қызылордада орналасқан әскери бөлімінің командалары қатысты.
Турнирде шекарашылар бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды облыстық ішкі істер департаментінің полицейлері еншілесе, үшінші сатыға ішкі істер әскерлері командасы орналасты. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.