Қызылордада су қамтамасыздығына қатысты мәселе күрделілене түсті

Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықовтың жергілікті телерарна арқылы берген сұхбатына сәйкес, "басты су жинағыштың насосты станциясында апат болуы - оған себеп. Облыс орталығына су беретін төрт насостың тек екеуі ғана жұмыс істеп тұр, олардың өзі бірақ әрең-пәрең ілдебайға көнуде. Оларды пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен. Жабдықтар ең жоғары жүктемемен жұмыс істеп тұрғандықтан, қайта-қайта істен шыға береді".

"Қызылорда су жүйесі" ҚКК директоры Мұрат Өсербаевтың айтуынша, "су жинау және тазарту құрылғыларының кешені 1968 жылы іске қослыған. Бүгінгі күні 123,5 шақырым су құбыры желілері мен 5 ұңғының тозығы жетіп тұр". Ал күрделі қаржы келесі жылы ғана бөлінбек. Облыс әкімі қала басшылығына ақшаны тез арада табуға тапсырма берді.