Қызылордада судьяны 7 жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілді

Атап айтқанда, 2013 жылғы 24 қазанда Жамбылбаев азамат Р.Абатов арқылы Т. деген азаматтан оның пайдасына азаматтық іс бойынша шешім шығару үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған.

Арал аудандық сотының үкімімен Жамбылбаев ҚР ҚК-нің 311 бабының 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өз кезегінде Абатов  ҚР ҚК-нің 312 бабының 3 бөлігі бойынша айыпты деп танылып, мүлкі тәркіленіп 5 жылға бас бостандығынан айырылды.


Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.