Қызылордада Сырдарияның су қорғау аймағынан саяжайлардың тұрғындары көшіріліп жатыр

"Су қорғау аймағында заңсыз салынған барлық құрылыстар бұзылуы керек. Ал рұқсат қағаздары барларға өтем ақы төленіп,олар басқа учаскелерге қоныстандырылатын болады", - деп хабарлады Қызылорда облысының әкімі Мұхтар Құл-Мұхаммед ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың Арал аймағына жұмыс сапарымен келген кезінде.

Облыс басшысының айтуынша, жақын уақытта жергілікті билік органдары су қорғау аймағынан "Еңбек" саябақ кооперативі көшірілетін болады. Қазіргі кезде кооператив үшін "Наурыз" жер учаскесі қасынан 25 гектар жер дайындалып жатыр. Былтыр ол жерлерге қыстың күні су тасқынынан зардап шеккен облыс орталығының саябақ поселкесінің тұрғындары көшірілген.

Облыстық табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Әлібек Ахметовтың айтуынша, былтыр "Қызылорда әкімдігі жанындағы жариялылық комиссиясының Сырдария өзені бойындағы су қорғау территориясында орналасқан 430 азаматтың үйлері мен саяжайларын заңдастырмақ болған іс- әрекетіне тыйым салынған болатын".

Сырдарияның су қоймасы территориясында салынған құрылыстарды тексеру барысында, жаңа заң бұзушылықтар анықталды. Мәселен, Жаңадарья су арнасына жақын жерде 3 гектар жер учаскесінде екі қабатты үй мен саунаның салынғаны анықталды.

"Ғимарат рұқсат қағазынсыз 2007 жылы тұрғызылды. Онымен қоса, ғимарат заңдастырылған болып шықты", - деді Ә. Ахметов. Оның ақпараты бойынша, құрылыс нысанасы "Жылжымайтын мүлік орталығында" ресми түрде тіркелген.

"Алайда мүлікті жариялау комиссиясымен 2007 жылдың 3 ақпанындай жасалған заңдастыру шешімі заңсыз деп танылып, кері қайтарылуы керек", - деді Ә. Ахметов.