Қызылордада «Тегін маршрут» атты жаңа акция өтті

Акция барысында №1 және №18 маршруттағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасыды. Онда тәулік бойына жастар ұйым­дары қызмет көрсетті. Шара кезінде әрбір жиырмасыншы жолаушыға Тәуел­сіз­діктің 20 жылдық мерейтойына арналған сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ аудиожазба­лардағы өнерлі жастардың туын­дылары тыңдалды.

Шараға разы болған жолаушылар оны ұйымдастырушыларға алғыс айтты.