Қызылордада тұрмыстық қағаздар шығаратын шағын цех іске қосылды


Индустриялық карта шеңберінде жүзеге асырылып отырған бұл өндіріс орнының жобалық құны - 40 млн. теңге тұрады. Ол тұрмыстық жағ­дайда пайдала­натын қағаз­дарды шығаруды қолға алды. Жалпы, құрылғанына екі жыл болған серіктестік бұған дейін құрылыс-құрастыру, жөндеу жұ­мыстарын жүргізіп, целлофан пакеттер мен пластик өнімдерін шығарумен айналысып келген еді. Енді жаңа цехтың ашылуына байланысты мұндағы жұмысшылар саны да артып отыр.