Үкіметтің Қызылорда облысындағы уақытты өзгерту туралы жобасы талқыға салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы" туралы жобаның мәтіні eGov порталында жарияланды.
"Қызылорда облысы әкімдігіндегілер 2018 жылдың 20 желтоқсанынан 21 желтоқсанына қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытсын", - делінген құжаттардың бірінде.
Құжаттар қабылданған жағдайда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігіндегілер халыққа уақыт есептеу тәртібі өзгергені жайлы хабарлауы керек болады.