Қызылордада ҰБТ-ның бірінші күнінде 35 үміткер «Алтын белгіні» қорғап шықты

Сондай-ақ, екі оқушы ең жоғары - 122 балл жинады.  Олар - № 11, 136 орта мектептердің түлектері. 169 оқушы 100-ден жоғары баллдың иегері атанды.

Тестілеу қаладағы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ мен «Болашақ» университетінің ғимараттарында өткізілді.

«Болашақ» университетінде тест тапсырған 471 оқушының орташа балы 82,2-ні құрады. Ал Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде сынаққа қатысқан 771 түлектің орташа балы - 73,1 балл.

Ертең 4 маусым күні 16 мектептің түлектері білім сынында бақ сынамақ.