Қызылордада ұшынған сарбаздардың саны еселеп артуда

Гүлнар Кәрімова, Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері:

- Қазір бөлімімізде 52 науқас жатыр. Барлығыда ішек инфекциясымен түскен әскери азаматтар. Бүгінгі түскендерінің жағдайлары ауырлау.

Қазір кейінгі түскен сарбаздардан бактериалдық ішек инфекциясына сынама алынып жатыр. Олардың да интоксикация белгілері дәл алғашқы 36 адамдікіндей. Барлығы да құсып, бастары айналып, өздерін жайсыз сезінгендерін айтқан. Сондықтан СЭС мамандары әскери бөлім асханасы мен азық-түлік тасымалдау жүйесін қатаң тексеруде. Кеше іске қатысты ресми түсінік берген әскерилер «кінәрат судан» деп тошылаған еді. Яки, вирус ошағы қалалық ауыз су жүйесінен шығуы мүмкін. Алайда бүгін Қызылорда әкімдігі бұл болжамды жоққа шығарды.


Мұрат Тілеуімбетов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары:

- Бір жақты тексеру болмас үшін біз тәуелсіз сарапшыларды қоямыз. Негізі біздің жорамал бойынша, әскери бөлімшенің ішінде өздерінің тамақтандыру режимі бұзылғаны деп ойлап отырмыз. Бүкіл қаланы қамтамасыз етіп отырған ауыз су саласынан ондай ауруға себеп жоқ.