Оған Қостанай, Тараз, Теміртау, Хромтау, Өскемен, Қызылорда қалаларынан 6 команда қатысты.
Бес күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша Теміртау қаласының «ВСМК Арселормиттал» командасы 15 ұпаймен бірінші орынды иеленсе, 11 ұпаймен Тараз қаласының «Тараз - ТарГу» командасы екінші орынға, Қызылорданың «Қорқыт Ата - ҚМУ» командасы 9 ұпаймен үшінші орынға орналасты.
Турдың қорытындысы бойынша «Үздік ойыншы» номинациясымен «Асхат Өмірбаев» (Қорқыт Ата - ҚМУ» командасы, Қызылорда ), Антон Каратаев («ВСМК Арселормиттал» командасы, Теміртау ), Олег Кондратенко («Казхром-2» командасы, Хромтау), Валентин Канакаев («КИнЭУ» командасы, Қостанай ), Юрий Башкатов («Тараз-ТарГу» командасы, Тараз) марапатталды.
Жарыстың үшінші айналымы - ақпан айында Хромтау қаласында, төртінші айналымы - наурызда Өскемен қаласында, бесінші айналымы сәуірде Теміртау қаласында өтеді.