Қызылордада жабық базарда өрт шықты, зардап шеккендер жоқ

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 21-мамырда 00 сағат 30 минутта "Жайна" атты жабық базарының екінші қабатында орналасқан азық-түлік бөлімі жанып кетті. Өрт аумағы 480 шаршы метрді құрады. "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі 35 адам және 8 техниканың күшімен 02 сағат 15 минутта сөндірді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті