Қызылордада жанармай бағасын көтерген кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылды

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінен келіп түскен  аудиторлық тексеру қорытындыларына сәйкес «БаттОйл-Трейд» ЖШС, «Диал Қызылорда»  ЖШС,  «Жалғасбеков»  ЖК-і, «Жандаулетов» ЖК, «МИР-2001» ЖШС, «РК-Мунай» ЖШС-не қатысты 2014-2015 жылдары мұнай өнімдерін негізсіз шекті бағадан  жоғары сату фактілері үшін 10 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді.

ҚР ӘҚБтК-нің 171-бабының 1-бөлігі бойынша рәсімделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына, Арал, Қармақшы аудандық соттарына қарау үшін жолданды.