Бұл жөнінде Қызылорда облыстық білім басқармасы мәлімдеді.
"Оны аптаға жуық уақыт бойы іздеу шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ол Алматы қаласы маңынан табылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілерін іздеуге көптеген азаматтар атсалысты, олардың қатарында полиция департаментінің мамандары, ерікті азаматтар бар. Жасөспірім қыздардың табылуына белсене араласқан белсенділер - Мая Жомарт пен Анар Ізденге, бастамашыл топ өкілдеріне алғысымызды жеткіземіз. Сондай-ақ, балаларға жанашырлық танытып, тілеулес болған барша азаматтарға құрметіміз шексіз", - деді басқарма өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Қызылорда облысында "Атамекен" ауылдық үлгідегі балалар үйінің үш тәрбиеленушісі
іздестірілуде екені айтылған еді. Жасөспірім қыздар белгісіз бағытқа кетіп қалған.
Олардың екеуі Алматыдан табылған.