Қызылордада жүкті келіншек пен оның бір жасар баласы оқ тиіп қайтыс болды


Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға сенбі күні кешқұрым болған. 66 жастағы туысының үйіне қонаққа келген еркек айқай шығарған. Ашу үстінде көлікте жатқан мылтығын әкеліп, «аспанға оқ атқан» көрінеді.
Оқ сол үйдің 23 жастағы жүкті келіні мен оның қолындағы бір жасар қызына тиіпті. Бүлдіршін «жедел жәрдем» келгенше көз жұмды. Келіншек аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Полициядан қашып кетпек болған қылмыскерді арнайы жасақ жауынгерлері қолға түсірді. Қазір ол тергеу изоляторына тоғытылып, үстінен қылмыстық іс қозғалды.