Қызылордада жылу энергиясына өтемдік тарифтер енгізілді


жылу энергиясына өтемдік тарифтер енгізді.

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев мәлім етті.
Бұдан былай тұрғындар үйдің бір шаршы метрі үшін 82 теңге 03 тиын төлейді.
Облыс әкімдігінің хабарлауынша, 2014 жылдың 1-мамырынан бастап жылу тарифтері 8 пайызға қымбаттап, 85 теңге 10 тиынға жеткен болатын.
Аспасөз мәслихатына қатысқан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің қызылорда облыстық департаменті жетекшісі Нұрлан Пірімов журналистерге 2017 жылға дейін жылу бағасы қымбаттамайтынын, онда да тарифтің газ бағасы өскен жағдайда ғана көтерілетінін жеткізді.