Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникациялар орталығының баспасөз мәслихатында Қазақстан халқы Ассамблеясы Қызылорда облыстық хатшылығының меңгерушісі Асылбек Жұмабаев мәлім етті.
Ал 28 мамырда бұл аймақта корей халқының мәдени күндері өтеді. Соған байланысты Сыр еліне Алматыдан корей театры келмек.
«Өңірімізде 11 этномәдени бірлестік бар. Бәрінде түрлі үйірмелер жұмыс жасайды. Оқушылардың бос уақытын ұтымды пайдалану үшін «Славян» ұлттық мәдени бірлестігінің жанынан қолданбалы өнер үйірмесі ашылды. Отыз шақты бала қолөнер шебері Сергей Горбачевтан тегін сабақ алып жүр», - дейді А.Жұмабаев
«Үйренгісі келетін түрлі ұлттың балалары өте көп. Бірақ отыратын орнымыз тар, сондықтан аптасына бір-ақ рет сабақ өткіземін. Ағаштан ойып, оны бояумен бояп, түрлі туынды жасап шығарып жатырмыз. Қаражат тапшылығынан кейде бояулар таусылып қысылып қалатын күндеріміз болады», - дейді Сергей Горбачев.