Қызылордаға жаңа әкім тағайындалды

И.Оңғарбаев 1953-жылы Арал ауданында туған. Мамандығы - құрылыс инженері. 1975-жылы Қазақ политехника институтын бітірді. 2003-жылдан бастап "Қазнефтегазконсалтинг" ЖШС директоры болды. 2004-жылдың маусым айынан бастап бірнеше ай Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары болып істеді. Бұдан кейін облыс әкімінің орынбасарлығына ауысты.

Бұл - жыл басынан бері Қызылорда қаласына келген үшінші әкім. Бұған дейінгі әкім Марат Үдербаев денсаулық ахуалына байланысты қызметтен кетті. Мамыр айында оның орнына тағайындалған Айтбай Көшербаев бүгін облыс әкімінің орынбасарына бекітілді.