Қызылордалық Ә.Балхаев - әлем чемпионатының қола жүлдегері

Осы бәсекеде Сыр бойынан барған 17 жасар Әділбек Балхаев 69 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Ол жұлқа көтеруде - 130, серпе көтеруде - 155, қос сайыстың қорытындысы бойынша 285 келіні бағындырды.

Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп интернат түлегі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әділбек бұған дейін ел кубогінің жеңімпазы, жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионатының бес дүркін, жастар арасында екі дүркін чемпионы, ересектер арасында екі мәрте қола жүлдегер атанған.

Биылғы жылы ұлттық құрама команда сапына қабылданды. Айта кетерлігі, Әділбектің халықаралық аренада алғаш рет өнер көрсетуі - бұл үлкен жетістік.

Ол жаттықтырушы Арман Әбдіреевтің қарауында жаттығады.