Қызылордалық ақын республикалық «Елім менің» конкурсында жүлдегер атанды

VІІ рес¬публикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауында жүлделі үшінші орынға ие болды.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қорытындысы шыққан бұл конкурсқа Сыр елінің шайыры «Ардагерлер, азайып барасыңдар» атты өлеңімен қатысты. Автордың мәтініне астаналық сазгер Сланқожа Қарақыстақ жазған ән конкурста «Ешкім де ұмытылмайды, ешқашан ұмытылған емес» аталымы бойынша ерекше көзге түсті. Қос автор Астана қаласындағы ұлт-тық академиялық кітапханасында өткен марапаттау рәсімінде Мәдениет министрінің арнайы дипломдары мен ақшалай сыйлығын алды.