Қызылордалық ардагерлер грек-рим күресі бойынша 3 алтын, 1 қола медаль еншіледі


Аталмыш жарысқа облыстың Қазалы ауданынан барған 4 спорт ардагері қатысты. Олардың арасындағы № 204 мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Алтай Көшенов 45-55 жас аралығында, 58 келі салмақта, Қазалы қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінің жаттықтырушысы Тұңғышбай Дербісәлиев 64 келіде, Қазалы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде грек-рим күресінің жаттықтырушысы Шора Салмаев 55-65 жас аралығында 97 келі салмақта чемпион атанды. Ал 45-55 жас аралығында 85 келі салмақта кілемге шыққан Қазалы аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Қали Рүстемов жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.