«Депутаттар бұл мақсатқа (атаулы стипендия - ҚазТАГ) Т2 млн 250 мың бөлуді мақұлдады. Ай сайын Ильин шамамен $15 мың алып отырады», - деді ол журналистерге сәрсенбі күні.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, «Қазақстанның ең атақты спортшысы Лондондағы Олимпиадаға дайындығын бастап кетті».
«Басты алтын медаль мені Лондондағы олимпиадада күтіп отыр», - деп уәде берді спортшы қырқүйекте Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде.
Еске сала кетейік, қазақстандық штангашылар Парижде Лондондағы олимпиадаға сегіз жолдама жеңіп алды.