Қызылордалық Бағдәулет Төлегенов Азия чемпионатынан қола жүлдемен оралды


Құрлықтың 13 елінен қатысқан боз кілем шеберлері арасындағы белдесуде Сыр бойының оғланы 70 келіге дейінгі салмақта үшінші орынға табан тіреді. Жалпы, палуандар дүбірлі додада бес салмақ санаты бойынша жүлделер иелерін анықтады. Командалық бас жүлде үшін талас Қазақстан, Қырғызстан, Иран және Моңғолия сайыпқырандары арасында өтті. Онда Қазақстан командасы бірінші орынға ие болды.