«Ескі мазарлар басқа жаққа ауыстырылмай, Сырдарияның сол жағалауында жаңа шағынауданның құрылысы басталмайды. Бұл бейіттер соңғы рет 1977 жылы жаңаланған. Сондықтан марқұмдардың туыстарын табу қиынға соғып тұр. Сонда да біз анық-қанығын зерттеп жатырмыз. Қажет болса, керекті рәсімдерді жасауға дайынбыз», - дейді С.Тойбазаров.
Билік басындағылар діни рәсімді қалай өткізуге болатындығын молдалардан сұрап білген. Ал санитарлық дәрігерлер жерленгендердің неден қайтыс болғандарын тексереді. Себебі, жаңа құрылыс індет ошағына айналмауы тиіс.