Бұл додаға Қазақстанның 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінен командалар қатысты.
Сыр бойының дзюдошы жігіттері жартылай финалда Оңтүстік Қазақстан облысының командасын 4:3 есебімен жеңсе, финалда Қырғызстан құрамасын 5:3 есебімен тізе бүктірді. Осылайша олар бас бәйгені алып қайтты.