Қызылордалық Ербол Киікбаев - ел чемпионы


Бұл чемпионатта сырбойылық жас бозкілем шеберлері жалпы саны төрт жүлдеге қол жеткізді. Осы сайыста Есенгелді Жалғасбаев - күміс, Алмат Әуешев пен Мақсат Байарыстанов қола медальдардың иегері атанды. Олардың барлығы да Қызылорда қаласындағы шеберлікті арттыру спорт мектебінің шәкірттері болып табылады. Балғын балуандарды бұл жарысқа облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Бақыт Сағаев дайындады.