Қызылордалық гір көтерушілер Бүкіләлемдік ойындардан 12 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль алып оралды


Жалпы, жарысқа 25 мемлекеттің ардагер спортшылары қатысты. Турнирде 40-45 жас аралығындағылар арасында 60 келіге дейінгі салмақта күш сынасқан Қармақшы ауданының тұрғыны, Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде нұсқаушы қызметін атқаратын Оразбек Медетбаев 4 алтын, 2 күміс, 1 қола медальді жеңіп алды. 50-54 жастағылар қатарында сынға түскен Жалағаш ауданының №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы болып еңбек ететін Өтеулі Елібаев (75 кг) 4 алтын, 3 күміс 1 қола медальді қоржынға салды. Сонымен қатар, аталған жастағы жаңақорғандық Серік Ибрагимов (85 кг) 4 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді иеленді.