Қызылордалық каратэшілер жастар чемпионатынан жеті медальмен оралды

Аталмыш жарыста Сыр өңірінің спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 5 қола медальді иеленді. Атап айтсақ, кумитэ бағдарламасы бойынша Мөлдір Жаңбырбай (47 келі) чемпион атанып, ҚР-ң спорт шебері нормативін орындады. Мансұр Қали (52 келі) екінші орынды алды. Ал Диана Досқали (47 келі), Шыңғысхан Қасымханов (76 келі), Ернұр Сапи (55 келі), Арайлым Еркебаева (59 келі) және қомандалық кумитэде Аяжан Жәнібекова, Арайлым Еркебаева, Ақсүйрек Бекнияз үшінші орынды иеленді.

Алдағы шілде айында Ташкент қаласында өтетін Азия чемпионатына Мөлдір Жаңбырбай жолдама алды.

№2 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің олимпиадалық резерв мектебінде жаттығатын спортшылардың бапкерлері облыстың аға жаттықтырушысы Тағдырберген Жаналиев, Рүстем Әбжәмиев, Еркін Боханов, Талапберген Әбдіраманов, Рустам Орлов.