Бұл мамыр айында Ташкентте өтетін Азия чемпионатына және қыркүйекте Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін әлем чемпионатына іріктеу жарысы болды.
Сыр бойынан барған спортшылар арасында еркін күрестен 55 келі салмақта Дәулет Ниязбеков алтыннан алқа тақса, 60 келіде Жасұлан Мұхтарбекұлы үшінші орынды иеленді. Ал грек-рим күресінен 120 келі салмақта Есенкелді Жалғасбаев күміс жүлдеге ие болды. Үшеуі де Қызылордадағы жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алады.