Қызылордалық құтқарушы халықаралық ұйымның медалімен марапатталды

деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Оған құрметті марапатты Азаматтық қорғаныс халықаралық ұйымының бас хатшысы В.Кувшинов тапсырды.

Бақыт Ембергенов ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде 26 жылдан астам қызмет етіп келеді. Осы жылдар аралығында Алматы өрт-техникалық училищесінің курсантынан полковник шеніне дейін өсіп, Қызылорда облысы Өртке қарсы қызмет департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығына дейін жетті.

Ол әр түрлі құтқару операцияларына қатысты. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында су тасқынының бетін алуға белсене атсалысқан.

Осы кезеңге дейін Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Б.Ембергенов ҚР ТЖМ «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» І, ІІ, ІІІ дәрежелі, «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен және «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» кеуде белгісімен марапатталған.