Қызылордалық құтқарушылар шұғыл Ақтөбеге жетті


 Құтқарушылар  «Ойсылқара», «Жарлыбұтақ», «Мұғаджар», «Қызылсу»  бөгеттері мен су қоймаларын бақылауда.

     Сондай-ақ олар  №1, №3 орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларына су тасқыны кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, Хромтау қаласының №4 орта мектебінің оқушыларына «Ашық есік» күнін өткізді. Аталған іс-шара барысында мектеп оқушыларын арнайы және гидравликалық авариялық құрал-жабдықтарымен таныстырды. Жасақ құтқарушылары авариялық құтқару және кіші механизациялық жабдықтармен жұмыс жасау тәсілдерін, сонымен қатар, биік ғимараттардан арнайы құралдармен құтқару жұмыстарын жүргізу барысында зардап шегушілерге «АМО» Қызылорда облыстық филиалының қызметкерлері шұғыл медициналық көмек көрсету әдістерін көрсетті.