Сыр бойынан барған саңлақтар арасында қармақшылық Марат Баймаханов 100 килодан ауыр салмақта сынға түсіп, ақтық сында ғана қарсыласына есе жіберіп алды. Ол күміс медальды мойнына тақты. Ал қола жүлдені 62 кило салмақтағы келесі қармақшылық балуан Ғалымжан Әбдірахманов қоржынға салды. Оларды облыс құрамасының бас жаттықтырушысы Әділбек Серікбаев дайындады.