Қастандықтың өзі бақылау камерасына түсіп қалған. Таспада 37 жастағы шенеуніктің есігінің алдында тұрған көлігіне келе жатқаны анық көрінеді. Темір тұлпарына отыра бергенде тұтқиылдан шыққан белгісіз біреу басынан ұрып, із суытқан. Есеңгіреп қалған Серғазиев тек туыстарын шақыруға ғана шамасы жетіпті. Ал шендінің туыстары қастандықты оның жұмысымен байланыстырады.