Қызылордалық шенеуніктердің ерлер мен әйелдер араласа жалаңаш күйінде демалған сәті желіге тарап кетті

Суретте шенеуніктердің от жағып, оның жанына ванна қойып шомылғаны байқалады. Ішімдікке мас қызметкерлер жалаңаш күйінде әйел-ерлер болып демалуда, деп хабарлайды Экспресс К.

Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес облыстық департамент агенттігінің өкілі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан тыс уақытта да этика сақтау керектігін айтты. Облыстың 18 мемлекеттік қызметкері тәртіпсіздігі үшін дисциплинарлы жауапкершілікке тартылды.

Мемлекеттік қызметкерлерге демалыс орнының, жағажайдағы суреттерін жариялауға болмайтыны ескертілді.